Трамп Путинмен «территориямен алмасу» мәселесін талқылауды жоспарлап отыр

Ulysmedia
Фото: РИА Новости

Трамп Путинмен «территориямен алмасу» мәселесін талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

АҚШ президенті Дональд Трамп одақтастарымен сөйлесу барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Украинадағы соғыста атысты тоқтату мәселесін талқылауға ниетті екенін айтқан. Ол 6 тамызда Еуропа көшбасшыларымен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен тілдескен. Бұл жөнінде Bloomberg басылымы өзінің дереккөздеріне сүйеніп жазды.

Бұдан бөлек, Трамп Путиннің тараптар «территориямен алмасу» мәселесін талқыласа, бейбіт келісімге келуге дайын екенін айтқан.

Контекст

Бұған дейін Дональд Трамп пен Владимир Путиннің жақын аралықта кездесетіні туралы айтылған. Бұл туралы 6 тамызда Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Путинмен кездескеннен кейін белгілі болған.