АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізуге міндет қоймайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
7 тамызда Дональд Трамп Владимир Путин Владимир Зеленскиймен кездескісі келмесе де, онымен кездесетін айтты. Ол Путин өзімен кездесу үшін Зеленскиймен келіссөз жүргізуге міндетті емес екенін мәлімдеген.
«Жоқ, Путинге ол үшін Зеленскиймен кездесу міндетті емес», – деген Трамп журналистердің тиісті сұрағына.
Бұған дейін Владимир Путин Дональд Трамппен Біріккен Араб Әмірліктерінде жеке кездесуге ниетті екенін айтқан.
7 тамызда Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон алдағы күндері жоғары деңгейде кездесу өткізуге келіскенін мәлімдеген. Бұған дейін, 6 тамызда Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Кремльде Владимир Путинмен кездескен.