Шу, қоқыс және қауіп: Алматы әкімі "Сайран" маңында тәртіп орнатуды тапсырды

Мейірман Лес
Вероника Филимонова, tourister.ru

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданында көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесуге салалық басқармалар мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты. Негізгі мәселе – “Сайран” автобекеті мен Car City сауда орталығы маңында жиналатын жекеменшік такси жүргізушілері.

– Бұл кешкі уақытта шу, қоқыс және қауіпті жағдай туғызады. Дархан Сатыбалды полицияға патрульдеуді күшейтіп, тәртіп орнатуды тапсырды, – деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2025 жылы ауданда бірыңғай стильді сақтай отырып, 37 ғимараттың қасбеті жөнделмек. Тағы бір міндет — саябақтар мен жасыл аймақтарды дамыту. Инфрақұрылымды жақсарту, жарықтандыру, ағаш отырғызу және аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Көшпелі кеңес аясында Алматы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарын жеке қабылдады. Олар шатырларды жөндеу, баспана және әлеуметтік қолдау туралы сұрақтар қойды – бұл мәселелер қаралып, көмек көрсетілетіні айтылды, –  деп хабарлады әкімдік.

Еске салайық, бұған дейін президент Тоқаев қала әкіміне қаланың жоғарғы бөлігінде көпқабатты тұрғын үйлер мен нүктелік құрылыстарға, әлеуметтік инфрақұрылым және туристік кластер нысандарынан басқа, мораторий енгізуді тапсырған еді.