Жауын-шашынсыз: 10 тамызда Қазақстандықта ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары 10 тамызда Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада салқын әрі жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +22…+24 °C.

Алматыда — құрғақ әрі ыстық. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с. Түнде +18…+20 °C, күндіз +34…+36 °C.

Шымкентте де жауын-шашын жаумайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8–13 м/с. Түнде +22…+24 °C, күндіз аптап ыстық — +37…+39 °C.