Астанада 10 жылға сотталған атышулы «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың адвокаты бірінші инстанциядағы сот үкіміне қатыстыапелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
– Олардың іс-әрекетінде қылмыстық құрам болмағандықтан, апелляциялық шағымда сот үкімін бұзып, оларды босатуды сұраймын, – деді Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәлетяров Orda сайтына берген жауабында.
Контекст
Шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын Перизат Қайратты 3,5 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оларға «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру» баптары бойынша айып тағылған.
Сонымен қатар, сот Қайратты «Шапағат» мемлекеттік наградасынан айырып, оған 10 жыл бойы қоғамдық және қайырымдылық қызметпен айналысуға тыйым салған.