Сорбыұлаққа құлаған әскери тікұшақ оқиғасын әскери прокуратура тексеріп жатыр

Ulysmedia
elitar.kz

Сорбыұлаққа құлаған әскери тікұшақ оқиғасы бойынша әскери прокуратура қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бас әскери прокуратура Сорбұлаққа әскери тікұшақтың құлауына қылмыстық кодекстің «Ұшу немесе дайындық ережелерін бұзу» және «билік өкілетін асыра пайдалану» баптары бойынша іс қозғаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында», – делінген әскери прокуратура таратқан ақпаратта.

Контекст

25 шілдеде қорғаныс министрлігіне тиесілі ЕС-145 әскери тікұшағы Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек тікұшақ бөлшектері Сорбұлақ су қоймасы аумағынан табылған. Үшақ бортында Бақтияр Ержігітов, Нұржігіт Үсенбаев және Аман Амангелді болған.

9 тамызда 14 метр тереңдіктен Нұржігіт Үсенбаевтың денесі табылған. Бір күннен кейін, 10 тамызда Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылған. Тікұшақта болған үшінші әскери Аман Амангелді әлі табылған жоқ.

Нұржігіт Үсенбаевты 10 тамызда Түркістан облысындағы Сұлтанрабат ауылындағы бейітке жерлеген. Ал Бақтияр Ержігітовті 11 тамызда Павлодар облысында жер қойнына тапсырған.