Украина президенті Владимир Зеленскийдің бейбіт келісім шарттарына қатысты ұстанымы жұмсарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Украина президенті Владимир Зеленскийдің бейбіт келісім шарттарына қатысты ұстанымы жұмсарған. Бұл туралы Ұлыбританияның The Daily Telegraph басылымы дереккөздеріне сүйеніп жазды.
Басылым мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа елдерінің басшыларынан бұдан әрі жаңа территорияларды Ресейге беру туралы ұсыныстарды қабылдамауды сұраған. Бұған қоса, Украина қазіргі соғысты тоқтатуды және Мәскеу басып алған Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон және Қырым аймақтарын Ресейде қалуына келісуге дайын.
«Бұл қазіргі майдан шебін заңдастырмай, бірақ де-факто сол күйінде сақтап қою дегенді білдіреді», – деп жазады The Daily Telegraph.
Контекст
12 тамызда Еуропалық Одақтың 26 елі Киевті қолдап, «Украинадағы бейбітшілік Украинасыз шешілмеуі тиіс» деп мәлімдеп, арнайы құжат жарияланған. Оған ЕО тағы бір мүшесі Венгрия ғана қарсы шыққан.
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин кездесуі қарсаңында жарияланып отыр. Бұған дейін екі ел басшылары 15 тамызда Альяскада кездесетіні туралы айтылған. Бұл кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский қатыспайды.