Польшада ұсталған Қазақстан дипломатының аты-жөні кім екені белгілі болды

Сырым Қаржас
фото: Ашық дереккөзден

Польшада ұсталған Қазақстан әскери атташесінің көмекшісі аты-жөні кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

13 тамызда Elmedia басылымы өзінің деккөздеріне сүйеніп, Польшада ұсталған Қазақстан дипломатының есімі Әнуар.Б екенін жазды. Ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі болып бір жарым жыл жұмыс істеген. Оның Украина аумағында ғана дипломатиялық иммунитеті болған. Польша күштік құрылымдарының оны өз аумағында ұстауына ешқандай кедергі болмаған.

Контекст

11 тамызда Польша арнайы қызметі «тыңшылық жасады» деген күдікпен Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі болған адамды ұстағаны туралы ақпарат тараған. 

30 шілдеде Польша билігі Быдгощ қаласында Орталық Азия елдерінің бірінің сыртқы барлау қызметінің офицері ұсталып, үш айға қамауға алынғаны туралы хабарлаған. Бірақ нақты қай елдің азаматы екені туралы айтылмаған.

Бұл жағдайға байланысты Қазақстанның ресми органдары әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ.