Жаңа салық кодексі: Енді тик-токерлер мен ютуберлер де салық төлейді

Ulysmedia
ulysmedia коллажы

Жаңа салық кодексі бойынша, тик-токерлер мен ютуберлер 10 пайыз салық төлеуге міндетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қаржы министрі Мәди Тәкиевтің Тik-Тoк немесе You Tube-тан табыс тапқан адамдар мемлекетке салық төлейтін болады деді.

«Интернет желісінде жүрген мәселе бойынша, жалпы, Тik-Тoк та, You Tube та қосымша You Tube өзі ақша төлесе біздің тұлғаларға, сол жерде салық ұсталатын болады. Ол ақпаратты өздері бізге береді», – деді Мәди Тәкиев.

Бұдан бөлек, Тәкиевтің сөзінше, жаңа салық кодексі бойынша Қазақстанда тіркелген интернет платформалар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлейтін болады.

«Бүгінгі таңда бізде 179 компания тіркелді. Жалпы түсімдері 57 миллиард болды осы жылы», – деді ол.