АҚШ Ресейге салынған санкцияларды уақытша жұмсартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі қарсаңында АҚШ қаржы министрлігі Ресейге салынған санкцияларды уақытқа жұмсартқаны туралы ақпарат тарады.
«АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) АҚШ үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы Аляскадағы кездесуге байланысты операцияларға рұқсат беретін №125 жалпыға ортақ лицензия шығарады», – делінген қаржы министрлігі таратқан хабарламада.
15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляскадағы әскери базада кездеседі. Тараптардың кездесуі туралы 6 тамызда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Путинмен кездескеннен кейін белгілі болған.