Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпып, ғимараттың шатыры жартылай құлап түскен.
– Өртті сөндіру ғимараттың құрылыс ерекшеліктеріне, жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты қиынға соқты, – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай тіркелген жоқ.
Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының шамамен 20 қызметкері және 6 техника жұмылдырылды.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ең ірі базарлардың бірі – "Big Шанхайда" тегіс өртеніп кеткен еді. Өрттен кейін сауда қатарлары қаңырап бос тұр, сатушылардың орындары мен тауарлары толық жанып кеткен. Кәсіпкерлер тек дүние-мүлкінен емес, табыс көзінен де айырылды. Ulysmedia.kz тілшісі табыс көзінен қағылып, қарызға белшесінен батқандардан сұхбат алған еді.