Пойызға билет жетіспеуі мәселесі 2030 жылға қарай шешіледі

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Үкіметтегі брифингте Қазақстанда пойыз билеттері тапшылығы қашан шешілетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдыбергеновтің айтуынша, жазғы туристік маусымда қосымша 11 пойыз іске қосылған.

– Қосымша 300 мың жолаушы тасымалданды. Негізінен Алакөл мен Балқаш бағытында жүр. Билеттер бойынша айтар болсам, қазір 87% билет әртүрлі онлайн сервистер арқылы сатылады. Одан бөлек, қыста, тасымал азайған кезде, біз 30%-ға дейін шығынға батамыз. Соған қарамастан, жалақы төлейміз, техникалық қызмет көрсетеміз. Яғни, мәселе маусымға байланысты. Парк жаңарғаннан кейін бұл мәселе шешіледі. Сонымен қатар, 7 айдың қорытындысы бойынша вагондардың орташа толымдылығы бар болғаны 73%. Қыста бос тұрамыз, жазда тапшылық пайда болады. Билеттер тапшылығының мәселесі... енді парк жаңартылып, үлкейгенде 2030 жылға қарай шешіледі, – деді ол.

ПОЙЫЗДАҒЫ ИНТЕРНЕТ

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық пойыздарда Илон Маск пен Ұлыбритания үкіметі ұсынған интернет қолжетімді болатынын хабарлаған едік