Кейбір банктер құрылыс компанияларымен серіктестік аясында жылдық 1% мөлшерлемемен ипотека ұсына бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұндай бағдарламаға әлеуметтік мәртебесіне немесе баспанасы бар-жоғына қарамастан кез келген адам қатыса алады.
Серіктестік ипотека деген не?
Бұл банк пен құрылыс компаниясы бірлесіп жүзеге асыратын бағдарлама. Оған сәйкес, азаматтар белгілі бір тұрғын үй кешенінен пәтерді төмендетілген пайызбен, кейде тіпті пайызсыз бөліп төлеу шартымен ала алады. Дегенмен, шарт бойынша пәтерді тек нақты компания салып жатқан нысандардан ғана таңдауға болады.
Қандай талаптар бар?
Krisha.kz сарапшылары мөлшерлеме екі факторға тәуелді екенін айтады:
Бастапқы жарна – неғұрлым жоғары болса, пайыз соғұрлым төмен;
Несие мерзімі – қысқа мерзімге рәсімделген сайын, пайыз азаяды.
Мәселен, ең төменгі 0,1% мөлшерлемеге қол жеткізу үшін:
Артықшылықтары
Шын мәнінде төмен пайыз – 0,1%-дан басталады (орташа банк ипотекасы – 18%);
Жиі жағдайда жедел мақұлдау және онлайн рәсімдеу мүмкіндігі бар.
Кемшіліктері
Үлкен бастапқы жарна талап етіледі;
Тұрғын үй кешені мен пәтерлер таңдауы шектеулі (көбіне 2, 3 немесе 4 бөлмелі пәтерлер ұсынылады);
Ай сайынғы төлем сомасы өте жоғары болуы мүмкін.