АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасында екіжақты келіссөздерді өз бетінше ұйымдастыру идеясынан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақ үй басшысы бетпе-бет кездесу ұйымдастыру міндеті Мәскеу мен Киевке тиесілі болуы керек деп шешті. Трамп мұндай келіссөздерді соғыс қимылдарын тоқтатуға апарар маңызды қадам деп санайтынын, алайда олардың дайындығына тікелей қатысуға енді ниетті емес екенін айтты.
Сонымен қатар, америкалық көшбасшы өз кеңесшілеріне кейінгі үшжақты саммитке қатысуға дайын екенін жеткізді. Ол Путин мен Зеленский жеке кездесу өткізгеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Алайда The Guardian басылымының жазуынша, Ресей мен Украина президенттерінің кездесуі мүлде өтетін-өтпейтіні әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.