Путин мен Зеленскийдің кездесуі жоспарда жоқ - Лавров

Сырым Қаржас
© РИА Новости / Алексей Никольский

Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуі әзірге қарастырылмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда...

Алайда Ресей басшысы күн тәртібі дайын болған жағдайда мұндай саммит өткізуге келісетінін айтты. Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров NBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Күн тәртібі дайын емес»

Лавровтың айтуынша, қазіргі уақытта екі ел басшыларының саммиті жоспарланбаған.

- Путин Зеленскиймен кездесу өткізуге дайын. Бірақ кездесу саммиттің күн тәртібі дайын болғанда ғана өтеді. Ал ол күн тәртібі әлі мүлде дайын емес, – деді дипломат.

Алдыңғы кездесулер

18 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Владимир Зеленскиймен кездесті. Осыдан кейін ол Еуропа елдерінің басшыларын қабылдады. Бұл кездесу Трамптың Аляскада Владимир Путинмен жүргізген келіссөздерінен бірнеше күннен соң өткен еді.

Трамп

Бұған дейін Трамп Зеленский мен Путиннің арасында делдал болудан бас тартқан болатын