Магистратура-2025: грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған магистратураға мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Гранттар кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурс негізінде бөлінді.

Министрліктің мәліметінше, конкурста ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт үшін 30 балдан жоғары жинаған талапкерлер қатыса алды. Барлығы 20 мыңнан астам адам өтініш берген.

Грант иегерлерінің толық тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Ал болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2025 жылғы 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялаған еді.