Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Киев Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасау үшін өздерінің өндірісіндегі қаруды қолданып отыр және мұндай әрекеттерді енді Вашингтонмен келісіп отырған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы ол жексенбі, 24 тамыз күні өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Біз өзіміздің отандық өндірістегі алысқа ұшатын қаруымызды қолданамыз. Соңғы уақытта мұндай мәселелерді Америка Құрама Штаттарымен талқыламаймыз. Бір кездері ол болған. Энергетикалық нысандарымызға жасалған шабуылдардан кейінгі жауап соққыларымызға қатысты түрлі сигналдарды есіңізге түсірерсіздер. Ол өте баяғыда болған. Бүгінде біз тіпті оны еске де алмаймыз, – деп түсіндірді ол.