АҚШ президенті Дональд Трамп егер Ресеймен келіссөздер өтпесе Украинаға да санкция саламын деп сес көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Санкциялар қаупі
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен бейбіт келіссөздер өтпейтін болса, Украинаға да санкциялар мен кедендік тарифтер енгізуді жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйдегі кабинет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты. Дегенмен, америкалық лидер шешім қабылдауға асықпайтынын, басты мақсат бейбіт келісімге қол жеткізу екенін нақтылады.
Трамптың айтуынша, қақтығысты реттеу тек Ресей мен Украина президенттері жеке кездескен жағдайда ғана мүмкін.
- Мен қақтығысты тоқтатқым келеді, себебі әлемдік экономикалық соғыс басталуы мүмкін. Бұл Ресей үшін де жаман болады, ал мен соны қаламаймын. Зеленский де мінсіз емес. Олар кездесуі тиіс», — деп атап өтті ол.
Кімге тиімді?
АҚШ президенті соғыстың жалғасуы тек бюрократияға ғана тиімді екенін, ал қарапайым АҚШ пен Украина азаматтарына еш пайда әкелмейтінін айтты. Оның сөзінше, дәл осы себептен Вашингтон келіссөздер процесін жеделдету үшін екі тарапқа да қысым жасауды көздеп отыр.