Бауыржан Байбек Nur Otan саяси кеңесінің отырысы өтетін күнді атады

Ulysmedia

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы 27 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

««Nur Otan» ХДП Саяси кеңесі бюросының шешімімен (Жарғының 9.5. тармағына сәйкес) 27 қаңтарда партия Саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды», - деп жазды төрағаның бірінші орынбасары Twitter парақшасында.

Еске салайық, саяси ұйымның кезектен тыс съезі 28 қаңтарға белгіленген. Байбектің айтуынша, өңірлерден 399 делегат қатысады.