Қазақстанның қай тасжолында жол ережесі көп бұзылатыны анықталды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен бастап 109 мыңнан астам бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі енгізілді. Бақылау камералары жолдардың түзу учаскелерінде орнатылған, онда орташа жылдамдық қашықтықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт бойынша есептеледі.

Биылғы наурыз-тамыз айларындағы талдау деректері бойынша орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам фактісі анықталды.

Ең көп бұзушылық тіркелген учаскелер:

  • Шымкент-Қызылорда – 54 863,
  • Астана-Щучинск – 29 330,
  • Астана-Павлодар – 18 188.

Ең аз бұзушылық келесі бағыттарда байқалды:

  • Павлодар-Семей-Қалбатау – 3 882,
  • Шымкент-Тараз – 1 980,
  • Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) – 526,
  • Орал-РФ шекарасы (Саратов) – 365,
  • Жібек Жолы-Теміртау – 164.

БАҚЫЛАУ

Келесі учаскелерде орташа жылдамдыққа бақылау жүргізіледі:

  • Астана-Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км / сағ),
  • Астана-Павлодар (140 км/сағ),
  • Шымкент-Қызылорда (110 км/сағ),
  • Шымкент-Тараз (110 км/сағ),
  • Павлодар-Семей-Қалбатау (100–110 км/сағ),
  • Орал-РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ),
  • Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ),
  • Жібек Жолы-Теміртау (140 км/сағ).

Еске салайық, орташа жылдамдықты асыру жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады, ал бақылау жолдарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.