Алматы қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан екі жасар бүлдіршіннің жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның айтуынша, зардап шеккен балаға психологиялық көмек ұсынылған. Сонымен қатар медициналық көмек көрсетіліп, ол реабилитациядан өтетін болады. Қазір бүлдіршін ата-анасының жанында үйде.
– 13 жастағы бала да ата-анасының жанында. Құрметті өтініш – заңды өкілдерінің келісімінсіз баланың суреттерін таратпауды сұраймыз. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») ЕРДР-ге тіркелді, – деді ол.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Еске салайық, Алматыда 13 жастағы бала екі жасар бүлдіршінді көтеріп, бар күшімен жерге лақтырып жіберген еді.
23 тамыз күні сағат 20:15 шамасында Алматыда аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы 13 жастағы ауытқуы бар бала көтеріп, жоғарыға қарай лақтырып жіберген. Одан кейін ол құлағын жауып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы Зарина Сапар әлеуметтік желіде жазды.