ШОС отырысында 20 құжатқа қол қойылды – егжей-тегжей

Сырым Қаржас
Ақорда

Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мынадай құжаттарға қол қойылды: 

1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзинь декларациясы;

2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі; 

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы;

– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы; 

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының Энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын іске асырудың жол картасы;

3. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Лаос Халық Демократиялық Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру туралы шешімі;

4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жанындағы байқаушы мәртебесін алуы бойынша шешімі;

5. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктесі» мәртебесі туралы шешімі; 

6. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі; 

7. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Бас хатшысының құжаттарға қол қою өкілеттілігі туралы шешімі;

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама;

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы мен «Росконгресс» қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндаманы бекіту туралы шешімі;

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндамасы; 

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2024 жылғы қызметі туралы баяндамасы.

9. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісімі;

10. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталығы жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісім;

11. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толуына орай мәлімдемесі; 

12. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі мәлімдемесі; 

13. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің энергетиканы орнықты дамыту бойынша ынтымақтастық туралы мәлімдемесі; 

14. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «жасыл» өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі; 

15. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы мәлімдемесі; 

16. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің көпжақты сауда жүйесін қолдау туралы мәлімдемесі; 

17. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің есірткінің әлемдік мәселелерін тиімді шешу және оған қарсы күрес ісіндегі мәлімдемесі; 

18. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық жөніндегі мәлімдемесі; 

19. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің уәкілетті министрліктері мен ведомстволары басшыларының орнықты даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдемесі; 

20. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама. 

КОНТЕКСТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

АНЫҚТАМА

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – бұл 2001 жылы құрылған, саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда сенім мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ терроризм, экстремизм және сепаратизмге бірлесіп қарсы тұру мақсатындағы халықаралық ұйым.

Бүгінде ШЫҰ құрамында 10 мемлекет бар: Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь. Бұдан бөлек, ұйым жанында байқаушы елдер мен диалог серіктестері де бар, бұл ұйымның халықаралық ықпалын арттыра түседі.

ШЫҰ — әлемдегі ең ірі өңірлік құрылымдардың бірі. Ұйымға мүше елдерде 3 миллиардтан астам адам тұрады, ал олардың жиынтық ЖІӨ-і әлемдік экономиканың елеулі бөлігін құрайды.

Ұйым “Шанхай рухын” – тең құқықтық, өзара құрмет, ішкі істерге араласпау және жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу қағидаттарын ұстанады.