Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика базасында пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Істі Алматы қаласының Алмалы аудандық полициясы жүргізіп жатыр.
Мақсат Дүйсенов бұған дейін бұрынғы сенатор, бұрынғы бас прокурор және қаржы полициясының басшысы Қайрат Қожамжаровпен бірге жұмыс істеген.
Бұғадан өзге ол Алматы қаржы полиция департаментінің бастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары, кейіннен бас көлік прокурор болды.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев пен Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель ұсталған. Олар Қайрат Қожамжаровтың жақын серіктері деп айтылады.