Ресейдің мытқа қарсы вакцинасын төрт елде өндіре бастайды. Вакцинаны лицензиялық келісімдер бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияда шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ветеринария ғылымдарының докторы, Якут ғылыми-зерттеу ауыл шаруашылығы институтының ветеринарлық биотехнология зертханасының меңгерушісі Михаил Неустроевтың айтуынша, Моңғолияда ресейлік вакцинаны өндіру ісі басталған. Енді Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда өндіріс жолға қойылмақ.
- Лицензиялық келісім аясында Моңғолияда біздің вакцинаны өндіру жұмысы басталды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы өндірушілермен де келісімшарттарға дайындалып жатырмыз. Шілде айында біз еуразиялық патент алдық, – деді ол ТАСС-қа берген сұқбатында.
АЙТА КЕТЕЙІК
Мыт – Streptococcus equi бактериясынан туындайтын, жылқылардың шырышты қабықтары мен лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.