Алдағы екі күнде Қазақстанда жаңбыр, бұршақ, дауыл болады

Сырым Қаржас
pixabay.com

Синоптиктер 9-11 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі: солтүстікте, 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10–11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

ТЕМПЕРАТУРА

Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;

  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде +23°С дейін;

  • Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;

  • Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;

  • Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;

  • Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.

Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.