Журналиске тілін шығарған судьяға қатысты жаңа дерек шықты

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Журналиске тілін шығарған Шымкент судьясы Әбинұр Қарабаевтың ісі жоғарғы сот кеңесінің от жюриінің қарауына жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Шымкент қалалық соты хабарлады. 

- Судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты материал Судья әдебі жөніндегі комиссиясымен тексеру материалдарын негізінен қарау үшін Қазақстан Республикасы жоғары сот кеңесінің сот жюриіне жолдау туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда аталған шешім заңды күшіне енбеген, дейді сот өкілдері Ұлыс тілшісіне. 

Судья Әбинұр Қарабаев оған шағым беруге құқылы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ернар Жиембайдың ісінде судья Әбинұр Қарабаевтың журналистке тілін шығарған видеосы тарады. Осыған байланысты судьяның іс-әрекетіне қатысты тексеріс басталды.