Украинадағы соғыс 2026 жылы аяқтала ма

Сырым Қаржас
Фото: rupec.ru

Еуроодақ өкілдері Украинадағы соғыстың жақын арада аяқталмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОҒЫС

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас қақтығыс әлі бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, Украина белгілі бір аумақтарынан айырылуы ықтимал.

НӘТИЖЕСІЗ КЕЛІССӨЗДЕР

Каллас соғысты реттеу бағытындағы әрекеттер, соның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамалары нәтиже бермегенін атап өтті. Ол әрі қарайғы жағдайдың қалай өрбитіні халықаралық қауымдастықтың ұстанымына тікелей байланысты екенін жеткізді.

ҚЫТАЙДЫҢ ӘСЕРІ

ЕО өкілі Ресейге Қытай көрсетіп отырған көмекті де сөз етті. Оның айтуынша, бұл мәселеде Еуроодақ Қытайға қатысты қандай қадамдар жасау керектігін нақты білмей отыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс мәлімдеме жасап, Ресей шамамен 6 мың шаршы шақырым аумақты талап етіп отырғанын айтқан. Ал Украина өз кезегінде Еуропа мен халықаралық серіктестерінен қауіпсіздік кепілдігін күтеді.