"Ботқада құрт, нан күйген". Ата-аналар балабақшада берілген тамақты көрсетті

Сырым Қаржас
Видео кадры

Талдықорғанда ата-аналар балабақшадағы жағдайға алаңдаулы. Олардың сөзінше, Талдықорғандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде санитарлық талаптар сақталмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желіде жазды.

Ата-аналар түсірген бейнежазбадан қабырғалардың көгергені, асхананың лас екені анық көрінеді. Тіпті берілген ботқадан құрт шыққаны байқалған. Сонымен қатар, мәзірдегі ет сапасыз, ал нан күйіп кеткен.

Журналист прокуратураны, білім басқармасын және санитарлық қызметті аталған балабақшаға жедел тексеріс жүргізуге шақырды. Қазір ата-аналар кінәлілерді жауапқа тартып, балаларға тиісті жағдай жасалуын талап етіп отыр.

Қаланың санитарлық бақылау басқармасы балабақшаға тексеру жүргізілетінін хабарлады. Тексеру қорытындысынан кейін тиісті шаралар қабылданбақ.

Ұлыс тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыстық білім басқармасына сауал жолдады.