Қазақстан мен Әзербайжанды Ресейге қарсы альянс құрды деп айыптады

Сырым Қаржас
gov.kz

Бакуде өтіп жатқан әскери жаттығулардан ресейлік пропагандистер «антиҰҚШҰ» одағын көрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаттығулар барысы

«Шексіз бауырластық» атты әскери оқу-жаттығуға Қазақстан мен Әзербайжаннан бөлек, Түркия, Өзбекстан және Катардың арнайы бөлімшелері қатысуда. Бағдарлама дәстүрлі сипатқа ие: сарбаздар мергендік ату, бронетехника, армиялық авиация және дрондармен өзара әрекеттесуді пысықтады.

Сарапшы пікірі

«Царьград» басылымының шолушысы Андрей Ревнивцевтің пікірінше, мұндай жаттығулар белгілі бір әскери альянс құруға деген ниеттің белгісі болуы мүмкін.

– Біріншіден, мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп, құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі барлық қарулы күштерді қамтиды. Екіншіден, республикалар арасындағы әскери ынтымақтастық Ресейден айқын алыстап барады. Бұл шиеленістің күшейіп келе жатқанының белгісі. Үшіншіден, бұл жобаларға Түркияның белсенді араласуы қосымша сұрақтар туғызады. Анкара «Ұлы Тұран» атты түркі империясын құруға ұмтылып отыр. Оның жоспарында тек Әзербайжан мен Қазақстан ғана емес, сонымен қатар Сібірдің кең аумақтары да бар, – деп жазды Ревнивцев.