Путин қазақстандықтарды орыс тілі емтиханынан босатты

Сырым Қаржас
Shutterstock

Ресей президенті шетелде тұратын отандастарды қоныс аудару бағдарламасына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Енді Беларусь, Қазақстан, Молдова және Украина азаматтарына орыс тілін меңгергенін дәлелдеудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар қоныс аудару бағдарламасына Ресейге қосылған аумақтарда туған және бұрын тұрған адамдар да енгізілді. Бұл – Луганск және Донецк халық республикалары, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстары.

КОНТЕКСТ

Ресейге «отандастарды қайтару» бағдарламасы арқылы қоныс аударушылардың саны азайып келеді.  Мәскеу бұл үрдісті Қазақстанда тұратын миллиондаған орыстар толықтыра алады деп санайды.

Сарапшылардың есебі бойынша, шамамен 3 млн қазақстандық Ресейге көшіп баруы мүмкін кандидаттар қатарында