Каспий теңізінің деңгейі төрт жылда қалай төмендеді

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Каспий теңізінің тартылу мәселесі тағы да Каспий маңы елдерінің мемлекеттік құрылымдары мен ғылыми қауымдастығы арасында талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Report.az-ға сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әзербайжанның су пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау қызметінің кадастрлық есеп пен тізілім бөлімінің меңгерушісі Рафик Вердиевтің айтуынша, кейінгі төрт жылда Каспийдің деңгейі 24 сантиметр төмендеген. Оның негізгі себептері – жауын-шашынның азаюы және орташа жылдық температураның көтерілуі.

Вердиев климаттың әрі қарай өзгеруі жағалау аймақтарындағы экологиялық жағдайды едәуір қиындататынын, бұл өз кезегінде аймақ елдері үшін экономикалық салдарға әкелетінін атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, мұның алдында Central Asia Climate Foundation жеке қорының мамандары Каспий теңізінің тартылу қаупі бар екенін, оның тағдыры Арал теңізінің сценарийін қайталауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Қордың мәліметінше, соңғы 20 жылға жетпейтін уақытта Каспий теңізінің аумағы 34 мың шаршы шақырымнан астам қысқарған.