Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Министрлік мұндай бастаманы зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану деректеріне байланысты көтеріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салатын бұйрық жобасын жариялады.
Тыйым салуға негіз болғаны – протездеу мен имплантация үшін зейнетақы қаражатын жалған жолмен пайдалану жағдайлары. Құжат 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
КОНТЕКСТ
2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға және емделуге, соның ішінде стоматологияға да қолдануға рұқсат берілген еді. Алайда жақында қаржылық мониторинг агенттігі 200 млрд теңгенің жалған операцияларын әшкереледі.