Қазақстандықтардың компьютеріне зиян келтірген ресейлік хакер сотталды

Сырым Қаржас
pixabay.com

Ресейдің Самара облысында жергілікті тұрғынға үкім шықты. Ол қазақстандықтардың да компьютерлерін зиянды бағдарламалар арқылы жұқтырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Федералдық қауіпсіздік қызметінің басқармасының мәліметінше, айыпталушы «троян» деп аталатын бағдарламаларды таратқан. Оның мақсаты Қазақстан, Ресей және Беларусьтегі пайдаланушылардың есебінен пайда табу болған.

ТЕРГЕУ

Күдікті жедел-іздестіру шаралары кезінде әшкереленді. Оның іс-әрекеті Ресей Қылмыстық кодексінің 273-бабымен («Зиянды компьютерлік бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату») сараланды.

СОТ ШЕШІМІ

Ставрополь аудандық соты оны кінәлі деп танып, 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.