Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АУА РАЙЫ
Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер Республика аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды – найзағаймен бірге жаңбыр жауады, 18-19 қыркүйекте республиканың солтүстік-шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күшті жел, бұршақ күтіледі. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
ТЕМПЕРАТУРА
Ауа температурасы: батыста түнгі температура 5-13°-тан 10-18° жылыға дейін көтеріледі, күндіз 22-28°-тан 18-23° жылыға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың батысы мен солтүстігінде 2° үсік күтіледі, күндіз 18-25° жылы. Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз 14-20°-дан 17-23° жылыға дейін көтеріледі. Орталықта түнде 5-11° жылыдан 0-8° жылыға дейін төмендейді, батыс пен солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз 10-18°-дан 15-25° жылыға дейін көтеріледі. Шығыста түнде 2-13° жылы, күндіз 15-23°-тан 10-18° жылыға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 7-15° жылы, күндіз 20-28° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 8-14° жылы, күндіз 15-25° жылы.