"Нысанада" Қазақстан да бар: Кремль орыс тілін дамытуға қыруар ақша бөлген

Сырым Қаржас
somon.tj

Орыс тілін ілгерілетуден бөлек, Ресей шетелде өзіне ықпал ететін жастарды қалыптастыруға жүздеген миллион жұмсап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Россотрудничество» федералдық агенттігінің шетелде орыс тілін ілгерілету бағдарламаларына жұмсаған шығыстары үш есеге өсіп, 2025 жылы 412 млн рубльге (шамамен 2,7 млрд теңге) жетті. Бұл ретте Қазақстандағы ықпалын күшейтуге де баса назар аударылып отыр. Аталған көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп.

ЖАСТАР

Қаражаттың негізгі бөлігі – 357,3 млн рубль (2,3 млрд теңге) – «Жаңа буын» бағдарламасына бағытталған. Ол шетелде лоялды жастарды қалыптастыруға көмектеседі. 2025 жылы осы бағдарламаға шамамен 1600 шетелдік қатысады деп жоспарлануда.

– «Жаңа буын» аясында 14-тен 40 жасқа дейінгі шетелдіктер қысқа мерзімге Ресейге барады. Онда олар үшін экскурсиялар, шенеуніктермен кездесулер және насихатшылардың тренингтері ұйымдастырылады, – деп жазады DW.