"Бокс - артта қалған елдер айналысатын спорт". Журналистің сөзі талқыға түсті

Сырым Қаржас
pixabay.com

Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан өзінің Instagram парақшасында қазақ боксына қатысты жазба жариялап, желі қолданушыларын дүрліктіріп қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жазушының айтуынша, бокс - дамымай қалған, кедей елдердің спорты.

- Неге Еуропаның дамыған елдері бокспен айналыспайды? Неге олардың боксшыларын жиі көрмейміз? Осы ой Махмұд Сабырхан мен оның қарсыласы испаниялық боксшыны көргенде келді. Испания десе әдетте біздің есімізге футбол түседі. Барселона, Реал, Атлетико секілді. Ливерпульдің өзінде де өтіп жатыр. Бокс өзі Англиядан шыққан. Бірақ ағылшын боксшылары соншалықты көп емес. Финалға шыққаны жеңіліп қалды. Оны да сүйреп жатқан ешкім жоқ. Негізі голландиялық, германиялық, португалиялық, италиялық боксшылар мүлде байқалмайды. Немесе өте бай Дания, Норвегия секілді Скандинавия елдерінен де боксшылар жоқ. Мысалы, Австрия боксшысын көрдіңіз бе? Жоқ, – дейді журналист. 

Ол көбіне Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Куба, Балқан түбігіндегі елдер, мажарлар, қырғыз, қытай, Солтүстік Корея елдері бокстасып жататынын айтады.

- Бұл экономикалық, демократиялық тұрғыдан дамымай қалған елдердің спорты ма деп ойлайсың. Неге дамыған елдердің боксшылары жұдырықтаспайды? Осыны мен түсінбедім, - деп атап өткен ол өзінің парақшасында.

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Қанат Тілеуханның бұл сөзінен кейін Қазнеттің ойы екіге бөлінді. 

 – Жұдырыққа емес, білімге ұмтылатын болғандықтан шығар

- Неге осылай айтасыздар? Әйтеуір кері жағын ойлап тұрсыздар, кім қатты еңбек етсе, сол ұтады ғой.

- Енді не істейік боксты қойыңдар дейік па? 

- Дамыған елдерде дене күшімен жұмыс жасамайды сондықтан олар әлсіз бокс күреске жасамайды. 

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ОЙЫ

Журналистің бұл пікіріне қатысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ойын айтты. Ол Қанат Тілеуханның сөзінің жаны бар дейді. 

- Жұдырықтасу өнері кедей елдердің спорты деп есептеледі. Менің ойымша, боксты олимпиадалық спорт түрлерінен алып тастау туралы біраздан бері әңгіме жүріп жатыр. Қазақстан мен Өзбекстанның жеңісі сол үрдісті жеделдетіп жібере ме деген қауіп бар, дейді депутат. 

Ал Жигули Дайрабаев Еуропада қазақ боксшыларының сондай әрекет көрсеткеніне қуану керек дейді.

- Мен ол пікірмен келісе алмаймын. Біздің елдің боксшылары өте үлкен нәтиже көрсетті. Әсіресе қыздарымыз, дейді тағы бір депутат Еділ Жаңбыршин.