"АҚШ-тан қадамдар күтеміз" – Зеленский Ресейге қарсы санкциялар туралы

Сырым Қаржас
Wiktor Dabkowski / Zuma / ТАСС

Украина президенті Владимир Зеленский Еуроодақтың Ресейге қарсы 19-пакет санкциясына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Зеленский Украина ұсынған көптеген бастаманың ЕО санкциялар пакетіне енгізілгені үшін алғыс айтты.

– Ресейдің энергетикалық ресурстары шектеледі. Сонымен қатар көлеңкелі флот инфрақұрылымы да қысымға ұшырайды. Еуропалық одақ Ресейдің санкцияны айналып өту үшін қолданатын криптовалюта схемаларына қарсы тұрады, – деп жазды ол.

Украина басшысы енді Киев АҚШ-тан да қатаң санкциялық қадамдар күтетінін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Зеленский ABC News-қа берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуді жоққа шығармайтынын айтқан. Алайда ол келіссөздер Ресей аумағында өтуі мүмкін еместігін баса көрсеткен.