АҚШ-та оққа ұшып қаза тапқан консервативті белсенді, блогер және Turning Point USA жастар қозғалысының негізін қалаушы Чарли Киркпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Іс-шара Аризона штатындағы 73 мың адамға дейін сыйдыра алатын State Farm Stadium аренасында өтті. Стадион дерлік толып, сыртта да ондаған мың адам жиналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Turning Point USA сайты арқылы қоштасу рәсіміне 200 мыңнан астам адам тіркелген, деп жазады DW.
АТМОСФЕРА
Көптеген бақылаушы қоштасу рәсімі айқын діни сипат алғанын атап өтті. Сахнадан христиан әндері шырқалып, көрермендер қолдарын дұға қылғандай көтерді. Үлкен экрандарда Кирктің суреттері көрсетіліп, қатысушылар Финикстегі мемориалға «Сенім, Отбасы, Еркіндік» деген жазуы бар портреттер, АҚШ тулары мен ұлттық түстердегі әуе шарларын алып келді.
ТРАМП
Шарадағы басты спикерлердің бірі АҚШ президенті Дональд Трамп болды. Ол оқ өтпейтін әйнектің ар жағында сөз сөйледі. Сондай-ақ вице-президент Джей Ди Вэнс және қазіргі әкімшіліктің басқа өкілдері де мінберге шықты.
Трамп өз сөзінде Чарли Киркті «Американың еркіндігі үшін шейіт болған» деп атап, оның өліміне «радикал құбыжықты» айыптады. Президенттің айтуынша, белсенді өзінің ашықтығы мен ұстанымдары үшін құрбан болды:
– Біз досымыз бен көшбасшымызды жоғалтқанымызға қайғырамыз. Бірақ біз оның сенімімен қуаттанып, ерлігінен шабыт алып, ол сүйген елді, ол күрескен еркіндікті және ол сенген құндылықтарды қорғауға деген жігерімізді арттыра түсеміз, – деді Трамп.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, Turning Point USA ұйымының теңқұрушысы, америкалық консерватив белсенді Чарли Кирк 2025 жылғы 10 қыркүйекте Юта штаты, Орем қаласындағы Юта аңғары университетінде (Utah Valley University) сөз сөйлеп тұрған сәтінде оққа ұшты. Оның өліміне күдікті ретінде 22 жастағы Тайлер Джеймс Робинсон ұсталды.