Доллардың орнына юань: Қазақстан Қытаймен ынтымақтастықты күшейтуде

Сырым Қаржас
pikabu.ru

Қазақстан ҚХР-мен бірлескен жобаларға қаржы бағыттамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Биыл Қазақстан алғаш рет юаньмен мемлекеттік облигациялар шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады Bloomberg. Әңгіме шамамен 2 млрд доллар баламасындағы сома туралы болып отыр. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл шара Қытаймен артып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарды қаржыландыруға бағытталған.

– Бұл Орталық Азия елінің мемлекеттік компаниялары дамушы нарықтарда юаньмен облигация шығару көлемі бойынша көш бастап тұр. Panda bonds-ты суверенді эмитенттің сатуы – Қазақстан үкіметінің алғаш рет юаньді қолдануы болмақ, – деп жазады Bloomberg.

АЙТА КЕТЕЙІК

Мемлекеттік облигациялар – бюджет тапшылығын жабу немесе әртүрлі жобаларды қаржыландыру үшін мемлекет (немесе жергілікті билік органдары) шығаратын, үкімет кепілдігі бар қарыздық бағалы қағаздар. Мұндай облигацияны сатып алған инвестор мемлекетке қарызға ақша береді және белгіленген мерзім ішінде кезеңдік пайыздық төлемдер (купондар) мен облигацияның атаулы құнын қайтару құқығына ие болады.