МӘН-ЖАЙ
Әкімдік аппараты мемлекеттік сатып алу порталында жаңа жылдық безендіруге арналған лот жариялады. ZTB мәліметінше, құжатта:
- 62,5 млн теңге «Атакент» аумағын мерекелік безендіруге бөлінбек. Техникалық сипаттамаға сәйкес, биіктігі 25 метр, диаметрі 12 метр болатын шырша орнатылады. Сондай-ақ гирляндалар, үш фотозона және жарық мүсіндері қарастырылған. Олардың қатарында биіктігі 2 метрлік жылқы бейнесі мен «2026» цифрлары жазылған арка-шар бар.
- Тағы 62,5 млн теңге Тұңғыш Президент саябағын әрлеуге жұмсалады. Мұнда да шырша қойылып, түрлі гирляндалар мен фотоаймақтар орнатылады.
- Ал 53,5 млн теңге ауданның негізгі көшелерін жарық шамдарымен безендіруге бағытталмақ.
Өтінімдер 24 қыркүйектен 1 қазанға дейін қабылданады.
Айта кетсек, Түрксіб ауданы әкімдігі де жаңа жылдық дайындыққа 178,5 млн теңге бөлуге ниетті.