Ағылшынша әңгімелесті: Тоқаев Зеленскиймен кездесті

Сырым Қаржас
Фото: ашық дереккөзден

БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Кездесуді өткізу бастамасын украин тарапы көтерген. Келіссөздер ағылшын тілінде өтті. Мемлекет басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өзінің көзқарасын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл аса күрделі жағдайда қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

КОНТЕКСТ

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 80-сессиясы ашылды. Әлемнің 150-ден астам мемлекеті мен үкімет басшылары жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосты. Сессия аясында климаттың өзгеруі, халықаралық қауіпсіздік, даму және ынтымақтастық мәселелерін қаралды.