Павлодардағы ЖЭО-2-де жұмысшы қаза тапты

Сырым Қаржас
pixabay.com

23 қыркүйекте Павлодардағы ЖЭО-2 станциясында қайғылы жағдай тіркелді. Мердігер ұйымның 33 жастағы қызметкері алған жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жедел жәрдем дерегі

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 14:48-де түскен. Бар-жоғы 9 минуттан кейін бригада оқиға орнына жеткенімен, зардап шегушіні аман алып қалу мүмкін болмады, ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.

Тексеру басталды

Қазіргі уақытта еңбек инспекторлары тексеру тағайындады. Жұмысшының жарақатты қандай жағдайда алғаны әзірге нақты анықталған жоқ.

– «Павлодарэнерго» АҚ-на қарасты ЖЭО-2-де ауа қыздырғыш қондырғысын шығару жұмыстары кезінде субмердігер ұйым қызметкерлерімен бірге болған жазатайым оқиға салдарынан 1992 жылы туған төртінші дәрежелі дәнекерлеуші алған жарақатынан сол жерде қаза тапты», – деп мәлімдеді Павлодар облысы еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.