Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Павлодарда азаматтық некедегі әйелінің қызын зорлаған 35 жастағы ауыл тұрғыны өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сотта айыпталушы өзін психикалық аурумын деп ақталуға тырысқан. Бірақ жүргізілген сараптама оның психиатриялық емдеуді қажет етпейтінін анықтады. Нәтижесінде ол қатаң тәртіптегі колонияда өмір бойына жазасын өтейтін болды.

- К. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") және 124-бабының 1-бөлігі ("Балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді судья Нұрлан Айтбаев үкімді жариялап. 

Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленушіге моральдық зиян үшін 7 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында сегізінші сыныптың оқушысын зорлады деп айыпталған 37 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.