Тоқаев Нұртілеуді Ақордаға алып кетті

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрлігі басшысы қызметінен кетті , деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒАЙЫНДАУ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

Ол бұрынғы атқарған лауазымы – сыртқы істер министрлігі басшысы қызметінен босатылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі әрі үкімет басшысының орынбасары болып 2 жыл қызмет атқарды. Оған дейін Президент әкімшілігінде әртүрлі қызметтерде болды.