Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұл қызметіне дейін ол 2013 жылдан бастап сыртқы істер министрінің орынбасары болған.
Ержан Ашықбаев 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Шығыс бөлімінің Азия, Таяу Шығыс және Африка кеңсесінде көмекші болып бастаған (1998-1999 жж.).