Бейбіт Қорған мас күйде ұсталып, сот алдында жауап берді

Сымбат Сатыбалдина
Фото: instagram.com/beibitkorgan

Әнші Бейбіт Қорған мас күйде ұсталып, сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында бүгін, 29 қыркүйекте қаралған. Істі судья Алмагүл Ерғазиева қараған. 

ІС МАТЕРИАЛДАРЫ

Іс материалдарына сәйкес, Бейбіт Қорған Алматыдан ұшып, мас күйде былапыт сөздер айтқан. Одан бөлек, әуе компаниясының ережелеріне бағынбаған. Артынша әншіні полицейлерге тапсырып, ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау бабы бойынша іс қозғалған. 

СОТ ҮКІМІ

Бүгін Бейбіт Қорған сот алдында жауап беріп, екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот әншіге 196 мың теңге көлемінде айыппұл салды. 

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ДАУ

Еске салайық, бұған дейін атыраулық әйел Нұргүл Зиханова танымал әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтып, шу шығарған еді. Кейіннен Бейбіт Қорған тапсырған ДНҚ-ның қорытындысы шықты.