Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін 5 мыңнан астам шетелдік турист келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті.
ҚАЙ ЕЛДЕРДЕН КЕЛГЕН
Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕР
Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.