Трамп Путин мен Зеленскийді жеке кездесуге тағы да үндеді

Ulysmedia
Фото: LRT

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді тағы да жеке кездесіп, бейбіт келісімге келуге үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

30 қыркүйекте Дональд Трамп АҚШ қарулы күштерінің жоғары басшылары жиынында сөз сөйледі. Вирджиния шататындағы Куантико әскер базасында ол Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге қарата тағы да мәлімдеме жасады. Бейбіт келісімге келу үшін екі елдің президенттері бетпе-бет кездесу керегін айтты.

Трамп Путиннен көңілі қалғанын тағы да қайталады. Ресейді «қағаз жолбарыс» деп атады. Ол нәтижеге тек күш көрсету арқылы жетуге болады деді. Ресей жағалауына сүңгуір қайықтарды жіберуге бұйырғанын және АҚШ-тың ядролық арсеналын модернизациялап жатқанын айтты.

Дональд Трамп өз әкімшілігі бейбітшілік орнатуға тырысқанымен, Газа мен Украинада соғыс жалғасып жатқанын мойындады. Ол ХАМАС тобын АҚШ ұсынған бейбіт келісім шарттарымен келісуге үндеді. «Өйтпеген жағдайда ХАМАС-тың жағдайы қиын болады» деді.