Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляциялық соттың өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шымкент қалалық сотының мәліметінше, екі тарап та сот шешіміне шағымданған.
- Апелляциялық сот 8 қазанда сағат 12.00-де Шымкент қалалық сотында өтеді, – дейді сот өкілдері.
СОТ
Еске салайық, 28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің бұрынғы орынбасарына, экс-мәжіліс депутаты Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталып, күдікті Ернар Жиембай 20 тамызда 9 жылға сотталды.
СОТТА НЕ АЙТЫЛДЫ
Айыпталушы Ернар Жиембай 6 тамызда өткен сот отырысында оқ ату жеке себептерден туындағанын алға тартты. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген. Бір күні әйелінің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келген. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін Берденов Жиембайдың әйелінің суретіне лайк қойған. Бұған қоса, айыпталушының сөзінше, Берденов оған келісім ұсынып, Шымкенттің қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбековке қарсы жалған айғақ беруін өтінген.
ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТУ
Ал 29 тамызда Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.