Манчестерде синагогаға шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
ВВС мәліметінше, шабуыл салдарынан төрт адам жараланған. Күдікті адамдар арасына көлікпен кірген, кейіннен пышақ алып жүгірген. Полиция күдіктіні атып тоқтатқан. Оның өлі немесе тірі екені әзірге белгісіз.
Манчестер мэрі Энди Бернхэм полицияның дер кезінде әрекет етуінің арқасында бұдан да ауыр трагедияның алдын алдық деді.
Шабуыл еврейлердің Йом-Кипур мерекесінде жасалған. Осы күні дәстүр бойынша синагогаға бару міндеттелген.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қауіпсіздік комитетінің жиынын өткізді. Ол Коменгагеннен Лондонға қайтып келеді. Онда бүгін Еуропа елдері басшылары кездесіп жатыр.